Бұзақылық жасаған жолаушылар үшін "қара тізімге" енеді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 1 сәуір, 2023

Биыл Азаматтық авиацияға қатысты "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. 

Заң бойынша жолаушылардың талаптары орындалуы басты орында, деп хабарлайды Turkistan Today.


Алайда әуе тасымалдаушылардың да мүддесі ескерілген. Мысалы компанияларға "жолаушылардың қара тізімін" жасауға рұқсат етіледі.


"Яғни, әуе көлігі арқылы жүруге шектеу қойылған адамдардың тізімі жасалмақ. Демек осы тізімге енгізілген жолаушы рейске жіберілмейді. Жаңа ережелер бойынша, егер ұшудағы жолаушы әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, авиакомпания оны "қара тізімге" енгізуге және ұшудан бас тартуға құқылы.


Сондай-ақ жаңа жарғы бойынша, ұшу және келу уақытындағы немесе маршруттағы кез келген өзгерістер кезінде авиакомпаниялар жолаушыларға тамақтану, тұру және трансфер қызметтерін көрсетуге міндеттелді.

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.