Серіктестер

Дәм мен дәстүр тоғысқан мереке: Шымкентте гастрономиялық фестиваль өтті

Жаңалықтар 21 наурыз, 2026

Шымкент қала орталығындағы Әл-Фараби алаңы мерекелік гастрономиялық кеңістікке айналып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше мәдени әрі дәмдік атмосфера сыйлауда,— деп хабарлайды turkistan.today

Фестивальдің басты мақсаты қандай?

Фестивальдің басты мақсаты – ұлттық және әлемдік асхананың үздік үлгілерін кеңінен таныстыру. Келушілер қазақтың дәстүрлі тағамдарынан бастап, еуропалық және азиялық асхананың түрлі дәмін татып, көпұлтты мәдениеттің ерекшеліктерімен танысуда. Алаңда Наурыз мейрамының басты тағамы – наурыз көженің бірнеше түрі ұсынылуда.

Іс-шараға Қазақстаннан және шетелдерден келген халықаралық деңгейдегі 10 аспаз қатысуда. Олар авторлық тағамдарын ұсынып, аспаздық шеберліктерін көрсетуде.

Атап айтқанда, бельгиялық аспаз Жан Ашнер «мидии по-бельгийски» тағамын, швейцариялық Томас Мюллер ірімшік негізіндегі фирмалық асын ұсынуда. Сонымен қатар, ресейлік Евгений Чеканин, әзербайжандық Эмиль Алиев, франциялық Николя Лезёр, түркиялық Аббас Ишик, грузиялық Иосеби Джабанашвили, қырғызстандық Берик Эгинбаев, өзбекстандық Ахмад Хамдамов және сербиялық Даниела Пантич өз тағамдарын көпшілік назарына ұсынуда.

Фестиваль аясында бірнеше номинация бойынша гастрономиялық байқаулар ұйымдастырылған. Қатысушылар «үздік кәуап», «үздік палау», «үздік самса» және «үздік ұлттық тағам» аталымдары бойынша бақ сынауда.

Сонымен қатар, фестивальге шамамен 50-ге жуық жергілікті мейрамхана қатысып, келушілерге сан түрлі тағамдар ұсынуда. Олардың қатарында Grand Praga, BOZJYRA, Calista, Barvilla, Mimino, Mozzarella by Meyram Group, Afsona, Көксарай, Dushevnaya Kukhnya, STEAKFIELD, Мадлен, Istanbul, Kamshat, Kausar және Jeti Tandir бар.

Фестиваль тек гастрономиялық бағытпен шектелмей, кең ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасымен толықтырылған. Келушілер үшін street style және K-pop бағыттарындағы би сайыстары, домбырашылар ансамблінің өнері, батырлар шоуы, цирк қойылымдары, мотошеру мен автокөліктер көрмесі ұйымдастырылуда.

Іс-шара бірнеше тақырыптық аймаққа бөлінген. Этноаймақта халықаралық аспаздардың шеберлік сабақтары мен ұлттық тағамдар байқауы өтсе, еуропалық аймақта заманауи шоу-бағдарламалар ұсынылуда.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.