Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласына сапары аясында вагон жөндеу депосы филиалының базасындағы вагон доңғалақтарын күрделі жөндеуден өткізетін шеберханасында болды. Аталған цех – республика бойынша 13-ші, ал өңірде іске қосылған алғашқы вагон жөндеу орны,- деп хабарлайды turkistan.today
Бүгінде цехта 300-ге жуық адам тұрақты жұмыс істеуде. Сала мамандарының айтуынша, кәсіпорынның Арыс қаласында орналасуы айрықша мәнге ие. Өйткені, қазіргі кезде Алматы мен Қызылорда облысының аралығын қамтитын теміржол шаруашылығында мұндай деңгейде қызмет көрсететін кәсіпорын жоқ.
Мұнда доңғалақ жұптары ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуден өткізіледі. Яғни, вагон паркі иелері жөндеу жұмыстарына уақыт жоғалтпайды. 600 шаршы метр аумақта орналасқан шеберханада 7 станок жұмыс істейді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.