Референдум: азаматтар сайлауға мерекелік көңіл-күймен келуде

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Жаңалықтар 6 қазан, 2024

Қазіргі уақытта сайлау комиссияларының жұмысына қатысты ешқандай шағым немесе теріс пікірлер тіркелмеген

Бүгін дауыс беру учаскелерінің ашылуынан бастап «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі күшейтілген қырағылық режиміне көшті,- деп хабарлайды turkistan.today

Біздің ситуациялық орталық республиканың барлық дауыс беру учаскесінен аймақтық штабтар мен үйлестірушілерден түсетін өзекті ақпаратты ала отырып, үздіксіз мониторинг режимінде жұмыс істеп жатыр.

Таңғы сағат 6:00-ден бастап 9500-ден астам "Дауыс" бақылаушысы республиканың ең алыс өңірлерінен бастап елордаға дейін дауыс беру учаскелерінде өзінің орындарын алды.

Қазіргі уақытта сайлау комиссияларының жұмысына қатысты ешқандай шағым немесе теріс пікірлер тіркелмеген. Барлық бақылаушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес дауыс беру учаскелеріне жіберілді, ал дауыс беру процесі тыныш және дұрыс өтіп жатыр.

Дауыс беру учаскелерінде жақсы атмосфера орнаған, азаматтар сайлауға мерекелік көңіл-күймен келіп жатыр. Көпшілігі таңертең келіп, дауыс беру учаскелерінің ашылуын күтіп, сыйлықтар алды. 

«ДАУЫС» ҚБК дауыс беру аяқталғанға дейін, дауыстар саналғанға дейін бақылауын жалғастырады. Біз бақылаушыларымызбен үздіксіз байланыста боламыз және қоғамды референдум барысы туралы хабардар етеміз.

Біз бірлескен күш-жігерімізбен дауыс беру процесінің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз ете алатындығымызға сенімдіміз.

 

Төлеген Күнәділов  
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» РҚБ төрағасы.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.