Депутат Әлия Назарбаева мен "ӨКМ операторы" туралы мәлімдемесін түсіндірді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 22 қыркүйек, 2023

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров "ӨКМ Операторының" соңғы бенефициары Әлия Назарбаева болғаны туралы бұған дейін айтқан мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай мәлімдеменің алғышарттарына тоқталған Саиров депутаттарға және Amanat партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесіне сотталушылардан арыз-шағымдар, сондай-ақ кейбір конституциялық қағидаттардың сақталмауы туралы халықтан өтініштер түскенін айтты.

"Конституцияның 14-бабында ҚР әрбір азаматы сот пен заң алдында тең екені айтылған. Тергеу шаралары жүргізілген кезде, сот процесі жүріп жатқан кезде кез келген мемлекеттік қызметші дәл осы қағиданы басшылыққа алуы керек. Бүгінде бұл принциптердің кей жерде жұмыс істемейтінін көріп отырмыз. Сондықтан, бұған Бас прокуратураның назарын аудардық", - деп түсіндірді депутат Tengrinews.kz тілшісіне.

Ерлан Саировтың айтуынша, ол қазірдің өзінде Бас прокуратураға жазбаша сауал жолдап, қадағалаушы органның жауабын күтіп отыр.

"Мен белгілі бір құқықтық мәдениетті қалыптастыру керек деп есептеймін. Құқық қорғау органдарының нақты бір адамға қоятын сұрақтары болса, ол өзінің кінәсіздігін көпшілік алдында дәлелдеу керек. Егер мұндай принцип болмаса, бізде заңдылық, әділдік болмайды. Сондықтан, әртүрлі жолдармен, әртүрлі арналар арқылы Қазақстанда жаңа құқықтық философия қалыптасатындай принципке жетуге ұмтыламыз. Бұл конституциялық принциптерге қатысты мәселе. Конституциялық қағидаттар барлық жерде және әр кезде қолданылуға тиіс", - деді мәжілісмен.

БАҚ таратқан мұндай ашық мәлімдемеден кейін ескерту, тіпті қорқыту болды ма деген сұраққа депутат былай деп жауап берді.

"Жаңа Қазақстан жайдан-жай болма салмайды, солай емес пе? Біз қазір белгілі бір құқықтық принциптерді жасап, белгілі бір прецеденттерді қалыптастыруымыз керек. Егер жаңа жақсы құқықтық прецеденттер болмаса, халықтың сенімі құнсызданады. Сондықтан, бұған бәріміз атсалысуымыз керек. Әрқайсы құқықтық тұрғыдан Жаңа Қазақстанның әділ қоғам ретінде орнығуын қамтамасыз етуге ұмтылуы керек".

699

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.