Күні кеше депутаттық мандатқа ие болған кәсіпкер Руслан Берденов журналисттердің сұрақтарына жауап беруден қашқан еді. Бүгін спортшы Ардақ Назаров сынға ілінді, деп Turkistan Today хабарлайды.
Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында халық қалаулысы Ардақ Назаров журналисттердің ешбір сұрағына жауап берместен кете барды. Ал кеше депутаттық мандатын алуға барған ол, Қаңтар оқиғасы туралы сұраққа «Алла баршаңызды аман етсін» деп түсініксіз жауап берді. Оның бұл әрекеті әлнуметтік желілерде тарап, желі қолданушылары сынай жөнелді.
Оның бұл әрекетін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан сұрағанда:
«Негізі ол дерутаттың өзінің құқығы жауап беру, бермеу. Алайда журналисттерге жауап беруі қажет. Өйткені журналисттер арқылы біз халыққа жақын боламыз. Сұхбат беруге, сұрақтарға ашық жауап беруге тиіспіз. Ал журналисттердің сұрақтарына жауап бермеді деп депутаттық мандатынан айыра алмаймыз»-деді.
Естеріңізге сала кетсек, джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы, Еуразияның екі мәрте чемпионы.
Фото: Qaz365.kz
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.