Серіктестер

Депутат экологиялық құндылықтарды Ата Заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды

Фото: primerminister.kz
Фото: primerminister.kz
Жаңалықтар Бүгін, 17:43

Конституциялық реформа аясында қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Бұл пікірді Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев Конституциялық реформа комиссиясының үшінші отырысындаайтты. 

Депутат конституциялық реформа арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының заңды іргетасын қаланып жатқанын атап өтті. 

«Тарихқа үңілсек, бабаларымыз «Жеті жарғыны» қабылдағанда да, Күлтөбенің басында күнде кеңес құрғанда да, басты мақсат – елдіңтұтастығы мен әділдігі болған. Бүгінгі біздің саяси реформадағы негізгі міндетіміз – халықтың мүддесін қорғайтын, уақыт сынына төтеп беретін мінсіз заңнамалық жүйе құру. Бұл − жай ғана құжаттарды реттеу емес, бұл − ел тағдырын шешетін жауапты қадам», - деді Серік Егізбаев. 

Оның пікірінше, қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Осы жолдағы ең басты стратегиялық қадам − бірпалаталы Парламент моделіне бет бұру және сайлау жүйесін толық пропорционалды негізге, яғни партиялық тізімдерге көшіру болмақ. 

«Бұрын депутат жеке тұлға ретінде ғана жауапты болса, енді ол үлкен саяси ұйымның, нақты идеология мен партиялық бағдарламаның атынан сөйлейді. Мемлекет басшысының өз квоталарынан бас тартып, өкілеттіліктерді Парламентке беруі − саяси партияларға артылған үлкен сенім әрі зор жауапкершілік», - деп толықтырды депута. 

Қаңтар айында «Ауыл» партиясының депутаттық тобы барлық 20 өңірді аралап, шаруалармен кездескен. 

«Тіпті ең шалғай ауылдардың өзінде тұрғындар Парламент пен Үкіметтің жұмысына мұқият назар аударып отыр. Ал Конституциялықреформа бойынша түскен екі мыңнан астамұсыныс — жай ғана статистика емес. Бұл — қоғамның жаңаруға, демократиялықбастамаларды күшейтуге және әділдікке дегентікелей сұранысы. Халық күтіп отыр, халық сеніпотыр және бұл үміттерді ақтамауға құқымыз жоқ. Халықтың аманаты бізден құқықтық жүйеніжаңартып қана қоймай, оған түбегейлі жаңа, заманауи мазмұн беруді талап етеді», - дейдіКомиссия мүшесі. 

Сонымен бірге, Мәжіліс депутаты экологиялыққұндылықтарды Ата Заң деңгейінде ұлттықбасымдық ретінде бекітуді, Конституция преамбуласын жаңа редакцияда қабылдауды, 31-бапқа азаматтардың табиғатты сақтау міндетіненгізуді және 61-бап бойынша экологияны қорғаузаңдарын реттеу құзыретін нығайтуды ұсыныпотыр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.