«Әділет» партиясының Түркістан облысындағы кандидаттары Жетісай ауданының коммуналдық мекемелерінде еңбек ететін азаматтармен кездесіп, жұмысшылардың әл-ауқаты мен өңірдегі инфрақұрылым мәселелерін талқылады.
Кездесу «Жетісай қызмет» және «Жетісай су» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің еңбек ұжымдарымен өтті. Жиынға «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат әрі облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Алмас Салимов қатысты.
Басқосу барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламада қамтылған бастамаларға тоқталды. Атап айтқанда, өңірдің экономикалық әлеуетін дамыту, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру және еңбек адамдарына қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелері сөз болды.

Кездесу соңында коммуналдық сала қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ партия өкілдерімен пікір алмасып, сайлауалды бағдарламаға қатысты көзқарастарын білдірді.

+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.