Түркістан облысының Сайрам ауданында «Әділет» партиясының өкілдері «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараға аудандық партия штабының мүшелері мен белсенді жастар қатысып, еңбек ұжымына партияның алдағы кезеңге арналған басым бағыттарын таныстырды.
Кездесу барысында партия өкілдері 2026–2031 жылдарға арналған Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттеріне тоқталды. Қатысушыларға құжатта көзделген бастамалар мен өңірді дамытуға бағытталған жоспарлар түсіндіріліп, сайлауалды бағдарлама аясында ақпараттық-үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ әңгіме барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері қозғалды. Партия өкілдері бұл бағыттар «Әділет» партиясының негізгі мақсаттары қатарында екенін атап өтті.

Кездесудің басты мақсаты – еңбек адамдарына партияның сайлауалды бағдарламасының мазмұнын жеткізу, өңірдің даму бағыттары туралы ақпарат беру және қоғаммен байланысты нығайту.
«Әділет» партиясының аудандық штабы ұйымдастырып жатқан ақпараттық-түсіндіру кездесулері алдағы уақытта да жалғасады. Партия өкілдері түрлі еңбек ұжымдарымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын таныстыруды жоспарлап отыр.

+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.