Серіктестер

«Әділет» партиясында цифрлық мемлекеттің болашағы талқыланды

Жаңалықтар 8 шілде, 2026

«Әділет» партиясында мемлекеттік органдардың, IT-бизнестің, қаржы секторының және сарапшылар қоғамдастығының өкілдерін біріктірген «Цифрлық мемлекет,— деп хабарлайды turkistan.today

Тиімді институттар» тақырыбындағы сараптамалық сессия өтті. Қатысушылар цифрлық экономиканы дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, мемлекеттік басқару ісін жетілдіру және отандық технологиялық компанияларды қолдау мәселелерін талқылады.

Кездесуді ашқан «Қазақтелеком» АҚ басшысы әрі партия Саяси кеңесінің мүшесі Бағдат Мусин мемлекет пен отандық IT-бизнес арасында өзара тиімді іс-қимыл орнамайынша, цифрлық экономика одан әрі дамымайтынын атап өтті. «Бүгінде ақпараттық технологиялар саласына қатысты ең негізгі тапсырыс берушілердің бірі – мемлекет.

Сондықтан IT-компаниялармен өзара іс-қимыл барысы түсінікті ережелерге, ашық рәсімдерге және болжамды шарттарға негізделуі аса маңызды», – деді ол. Тақырыпты жалғастырған Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин цифрлық мемлекеттің заңнамалық базасын дамыту, жасанды интеллект инфрақұрылымын қалыптастыру және жаңа экономикаға қажет мамандар даярлау мәселелері туралы баяндады.

Нарық өкілдері практикалық ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, «Halyk Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев цифрлық мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін кеңейтуді және мемлекеттік цифрлық сервистерді әзірлеу ісіне бизнесті белсенді түрде тартуды ұсынды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.