Дүниежүзілік тазалық күні: еріктілер Алматыдағы «әуежай көлінен» 694 кг қоқыс жинады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 26 қыркүйек, 2023

23 қыркүйек, Алматы. Жыл сайын қыркүйектің екінші жартысында өтетін Дүниежүзілік тазалық күніне биыл 197 елден миллиондаған еріктілер  қатысты. Акцияны ұйымдастырушылар - Let's Do It! World халықаралық қозғалысы планета тұрғындарын сол күні үйінің жанын тәртіпке келтіруге немесе еріктілер таңдаған жерді қоқыстан тазартуға көмектесуге шақырады, деп хабарлайды Turkistan Today.

«Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Қазақстанда да жұртшылық пен бизнес өкілдері жыл сайын акцияға қосылады, мысалы, «Филип Моррис Қазақстан» (ФМҚ) компаниясының 70-тен астам қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасылары акцияға қатысып, 694 кг-дан астам қоқыс жинады.

«Әуежай көлінің» өзгергенін айта кетуге болады, 2020 жылы мұнда серуендеуге өте ыңғайлы, ұзындығы бір шақырымнан асатын пирс салынды. Алайда, қоқыс әлі де күрделі мәселелерді бірі болып қала береді, сондықтан мұндай сенбіліктер жаңа саябақ аймақтарын тазартуға және оларға жұртшылықтың назарын аударуға көмектеседі.

ФМҚ Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған ауқымды акцияға бірінші жыл қатысып отырған жоқ. Өткен жылы Алматыда компанияның 80–нен астам қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері Алмарасан шатқалына барып, ең ластанған жерлері - Казачки және Аюсай өзендерінің шатқалдарынан қоқыс жинады, онда олар 620 кг-дан астам тұрмыстық қалдықтарды жинап, қаптарға салып, одан әрі кәдеге жаратуға тапсырды. 

«Қоқыс мәселесін шешу үшін барлық мүдделі тараптар, соның ішінде экологиялық күн тәртібіндегі рөлі артып келе жатқан бизнес күш-жігерлерін  біріктірулері керек. Бүгінгі таңда көптеген халықаралық компанияларда да, сондай-ақ қазақстандық компанияларда да экологиялық акциялар нақты, өлшенетін мақсаттары мен міндеттері бар тұрақты даму стратегиясының бөлігі болып табылатыны қуантады. Біздің компанияға келетін болсақ, біз дәстүрлі түрде өндірісте де, зауыттан тыс жерлерде де қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөлеміз. Біз сондай-ақ StopМusor жобасын Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығымен серіктестікте іске асырып жатырмыз және оның шеңберінде еліміздің әртүрлі өңірлерінде көптеген ағартушылық және волонтерлік бастамалар жүргізудеміз. Біз экологиялық сана мен өмір салтын қалыптастыру жеке адамдар мен компаниялардың үлгісінен басталады деп сенеміз», - деп есептейді ФМҚ тұрақты даму жөніндегі менеджері Ринат Заитов.

«Филип Моррис Қазақстан» компаниясы World Clean Up Day-ге дәстүрлі қатысудан басқа, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы іске асыратын тағы бір маңызды әлеуметтік-экологиялық жоба – StopMusor жобасын қолдайды. 3 жыл ішінде StopMusor ұйымдастырушылары мен еріктілері жүзге жуық түрлі іс-шаралар мен сенбіліктер өткізді, ал бір экологиялық акция шеңберінде орта есеппен 10 тоннаға жуық қалдықтар жиналды.  Жоба аясында мобильді қосымша және stopmusor.kz арнайы сайты жұмыс істейді , мұнда әр тұрғын өз қаласындағы рұқсат етілмеген қоқыс тастауға немесе басқа экологиялық мәселеге шағымдана алады. Барлық өтінімдер Қауымдастыққа келіп түседі және мәселені одан әрі шешу үшін тиісті органға жіберіледі. Жоба 3 миллионнан астам адамды қамтыды және оның ұйымдастырушылары айтқандай, олар осымен тоқтағысы келмейді, экология мен қоғам үшін пайдалы бастама келесі жылы да жалғасады.

«Филип Моррис Қазақстан» компаниясы өндірістің барлық кезеңдерінде қоршаған ортаға әсерін азайтуға тырысады. ФМҚ кеңсе ғимаратында интеллектуалды жарықтандыру жүйесін орнатты, өндірістік жабдықтарды жаңартты, өндірістік ғимаратта суды жылытуға арналған күн батареялары мен энергияны үнемдейтін құралдарды орнатты, нәтижесінде парниктік газдар шығарындылары айтарлықтай төмендеді. 2013 жылмен салыстырғанда өндірістік қызметтен көміртегі шығарындылары екі есе азайды. Зауыт қалдықтарының шамамен 91% қайта өңдеуге кетеді. 2019 жылы ФМҚ «Экологияға қосқан үлесі» номинациясы бойынша Парыз мемлекеттік сыйлығын алды. Ал 2020 жылы компания «Жасыл кеңсе» ұлттық байқауы жеңімпаздарының бірі болды.

 

809

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.