Әлемге атақты актер Джеки Чан домбыраның сүйемелдеуімен өз әнін шырқады, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Осыған дейін Джеки Чан ҚХР Іле Қазақ автономдық округіне фильмге түсуге барған. Ол кезде этникалық қазақтар актерге шапан мен жылқы сыйлады. Бұған дейін Чжеки Чанға шапан мен домбыраны әнші Димаш Құдайберген сыйлаған болатын.
Джеки Чан Қазақстанға 2017 жылы келген болатын. Ол сол кезде Қазақстанда фильм түсіргісі келетінін айтқан еді.
10 жыл бұрын Қазақстанның Гонконгтағы елшісі Қазақстанның бай ресурстары жайлы айтып берген болатын. Бес жыл бұрын елші маған тағы да Қазақстан жайлы айтып берді. Шынымды айтсам, Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынмын. Бірақ, амал не, уақыттың тығыз болуына байланысты бұл арманым сол күйі орындалмаған еді. Бірақ мен болашақта міндетті түрде Қазақстанға келіп, осы іспен айналысқым келеді, - деді актер.
Айта кетейік, Іле Қазақ автономиялық аймағы Шыңшаң Ұйғыр автономиясының құрамына кіретін Қытайдың автономия ішіндегі автономиялық әкімшілік-аумақтық бірлігі. Облыс орталығы – Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) қаласы бір мезгілде Іле аймағының да орталығы. Қытайдағы бірден-бір орынбасар өлке дәрежелі автономиялық облыс.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.