Еңбек адамы- қоғамның басты байлығы

Фото: Facebook/ Түркістан Өңірлік Коммуникация қызметі
Фото: Facebook/ Түркістан Өңірлік Коммуникация қызметі
Түркістан 29 қыркүйек, 2024

Отырар ауданынан құрылған «Отырар» халық театрының декоратор суретшісі ретінде 36-драма қойылымдарының суретшісі

Әділхан Мәлік - суреттері арқылы өзіндік стиль мен дәстүрлер сабақтастығын қалыптастырған жан. Суретші мақсаты туған жердің тасын түрлендіре суреттеу, тарихын мақтан тұту,- деп хабарлайды turkistan.today

Оның Отырарда туған Фарабилер шоғырынан бастап, Отырар қорғанысы, Отырар кітапханасы, Отырардың тыныс-тіршілігі сынды тақырыптық және еркін форматта салынған картиналары арының таза, жанының мөлдірлігін, рухының асқақтығын көрсетеді.

Киелі Отырар өңірінен шыққан белгілі қылқалам шебері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Көркем Академиясының «Ұлы Елдің Тарандысы» төсбелгісін алған, Халықаралық «Turan» сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Turan» суретшілер консолидациясының мүшесі, Отырар ауданының Құрметті азаматы Әділхан Мәліктің есімі Отырар ауданына ғана емес, бүкіл қазақ еліне белгілі суретші. Ол Отырар ауданы, Мәдениет сарайында “Ақ зер" көркемсурет үйірмесінің жетекшісі. Бұл үйірме Мәдениет министрлігі тарапынан "Үлгілі” атағын алған.

Отырар ауданынан құрылған «Отырар» халық театрының декоратор суретшісі ретінде 36-драма қойылымдарының суретшісі. Жазған картиналарының 20 данасы мысырдың Каир қаласы университеттеріне және Дамаск қаласындағы Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған музейге табысталған. Халықаралық, Республикалық, облыстық көрмелер мен байқау және симпозиумдарға қатысып, үнемі үздік атанып отырған.
 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.