Айтыскер ақын Қазырет Бердіхан Instagram парақшасында Жүрсін Ерманның жағдайы туралы жақсы жаңалық айтты, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін ерекше қуанышты күн болды. Әдеттегідей Жүрсін ағамызды дәрігеріне апаруға үйіне бардым. Сөйтсем, көкеміз есік алдына шығып күтіп тұр. Арбасы жоқ. Қолында таяғы ғана. Қуанып кеттім. Сол арбаның серік болғанына бір жылдан асып еді. Ақыры керегі болмай қалды. Аяққа тұрды, елдің батасы қабыл болды деген осы шығар! Бұйырса осы фотодағыдай ортамызда күліп жүріуді нәсіп етсін, - деп жазды Қазырет Бердіхан.
Айта кетейік, 70 жасты еңсерген ақын Жүрсін Ерман дүниеден озған Несіпбек Айтұлының өзінің мәңгілік досы болғанын, оның қазасынан кейін есеңгіреп қалғанын айтқан еді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.