Бүгінде елімізде 2 833 600 бас киік мекен етеді. 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 48 пайызға артқан. Жалпы ел аумағында мекен ететін киіктер Орал, Үстірт және Бетпақдала деп аталатын үш популяцияға бөлінген. Бұл жайында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының басшысы Расул Маханов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today
«Биыл Қызылорда облысының солтүстік-шығыс беткейіндегі аумақтарында 15-20 мың басқа жуық, Түркістан облысы Созақ ауданының аумағында 1500-2000 басқа жуық, сондай-ақ, Ұлытау облысы аумағында 70-80 мың бас шамасында киік қоныс аударғандығы тіркелді. Жалпы филиалда 54 инспектордан құрылған 8 мобильді топ жұмыс істейді. Олар Түркістан облысының 3,5 млн гектар, Қызылорда облысының 17,7 млн гектар және Ұлытау облысының 21,4 млн гектар далалық жерінде бақылау жүргізеді»- деді Расул Қарақалпақұлы.
Сонымен қатар, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Бақыт Мұсалиев бүгінгі таңда ел аумағында «Киік» кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы өтіп жатқанын жеткізді. Акция аясында 2024 жылдың желтоқсан айының 1-і мен 2025 жылдың 15-і қаңтары аралықтарында киіктің күйек мерзімін ескере отырып, браконьерлік жасаудың және сатудың алдын алу жұмыстары қолға алынбақ.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.