Елімізде ипотекаға сұраныс күрт азайған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 22 мамыр, 2023

Ұлттық банктің жүргізілген сауалнамасы нәтижесінде ипотекаға сұраныстың төмендеуі ірі банктерде орын алғаны анықталды. Кредиттік ресурстарға сұраныс пен ұсыныстағы өзгерістерді бағалау бойынша сауалнамаға Қазақстанның 19 Банкі қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Банктер мұны "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлемнің өсуімен байланыстырып отыр. Яғни, қаңтар-наурыз айларында өтініш бергендер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмендеген, деп хабарлайды krisha.kz-ке сілтеме жасаған turkistan.today.
Сондай-ақ әр жылдың басындағы маусымдық фактор да бұған әсер етіп отыр", – деп атап өтті ұлттық банк.

Бұл ретте көптеген банктерде кредит беру шарттары қатайғаны хабарланды. Бұл сыйақы мөлшерлемесінің жоғарылауына байланысты. Алайда, ірі банктердің бірінде кепіл талаптарының біршама төмендеуі байқалады.
Келесі тоқсанда банктер өз өнімдерін жылжытумен байланысты ипотекаға сұраныстың артуын, сондай-ақ Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі бойынша шешімге байланысты сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауды күтеді.

Естеріңізге сала кетейік, базалық мөлшерлеме мөлшері ипотека және несиенің басқа түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемелерге тікелей әсер етеді.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.