2022 жылдың төртінші тоқсанында ақшалай табыс бір жыл бұрынғыдан 17,7% өсіп, жан басына шаққанда 252,4 мың теңге болды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Салыстыру үшін: 2021 жылдың осы кезеңінде халықтың табысы 10,6% өсіп, орташа есеппен 214,5 мың теңге болған.
Бұл ретте жан басына шаққандағы шығын бір жылда 15,1% өсіп, бір тоқсандағы рекордтық 246,8 мың теңге болды.
Салыстыру үшін: былтыр осы кезеңде үй шаруашылығының шығыны бір жылда 12% көбейіп, 214,5 мың теңге болған.
Табыс пен шығын арасындағы айырмашылық 5,6 мың теңгені (немесе 2,3%) құрады, яғни табыс шығыннан осыншалықты көп. Бұл соңғы жылдардағы сәйкес кезеңдегі ақшалай көріністегі ең жоғары айырмашылық.
Өңірлер бойынша ең көп табыс елорда тұрғындарында: жан басына шаққанда 357,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 16,2% артық. Екінші орында Қарағанды облысы болды: 354,9 мың теңге, 23,1% көбейген. Үздік үштікті Ұлытау облысы жапты: 339,1 мың теңге.
Ең төменгі көрсеткіштер Түркістан облысында: бар болғаны 163,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 23,7% көп.
Шығындар бойынша Қарағанды облысы көш бастады: жан басына шаққанда 327,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 21% көп. Үздік үштікке сондай-ақ Алматы (322,1 мың теңге, 7% көбейген) және Ұлытау облысы (307,4 мың теңге) кіреді.
Ең аз шығын тағы да Түркістан облысында: жан басына шаққанда 177,4 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 25,2% көп.
Еліміздің 20 өңірінің 14-де халықтың ақшалай табысы шығынынан көп. Ең жақсы көрсеткіштер Батыс Қазақстан облысында байқалды: мұнда табыс шығыннан 25,6% көп. Қостанай облысы мен Астана да алғашқы үштікке енді: табыс шығыннан тиісінше 24,1% және 18,9% көп. Төртінші және бесінші орында Абай (18,3%) және Маңғыстау (17%) облыстары.
Қазақстанның 20 өңірінің 6-да керісінше шығын табыстан көп. Табысы шығыннан 14,8% аз болған Алматы облысы антикөшбасшы. Басқа өңірлерде бұл көрініс мынадай: Жетісу облысында табыс шығыннан 14,5%, Шымкентте — 8,6%, Алматыда — 8,2%, Түркістан облысында — 8%, Жамбылда — 5,2% аз.
Бұл ретте Мәжілісте ҚР Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова Қазақстандағы тұтыну қоржынының сапасының нашарлап, халықтың азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығынының көбейгенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.