Үш күндік семинар барысында ECOFEL шақырылған сарапшылар Стратегиялық талдау жүргізу тәжірибесімен бөліседі
Астанада Стратегиялық талдау бойынша оқыту семинары өтуде. Бұл туралы ҚМА Баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today
Үш күндік семинар барысында ECOFEL шақырылған сарапшылар Стратегиялық талдау жүргізу тәжірибесімен бөліседі, оның мақсаты кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы жаңа трендтерді, заңдылықтар мен үрдістерді анықтау болып табылады.
Оқыту процесі тек теориялық білім алуды ғана емес, сонымен бірге алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік беретін практикалық мәселелерді шешуді де қарастырады.
Астанаға келген шетелдік мамандар кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдар ұсынған ережелер мен нормалардың белгіленген жүйесін сақтаудың маңыздылығын атап өтеді, бұл өз кезегінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Айта кетелік, іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан ҚББ өкілдері үшін ЕАТ өзара бағалау қорытындылары бойынша екі елге техникалық көмек көрсету жөніндегі жобалық жоспарлар шеңберінде өткізілуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.