Елордада әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға 6 мың пәтер беріледі

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 1 шілде, 2023

Құрылыс көлемі 103%-ды құрады.

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұтұлы Орталық коммуникациялар алаңында мәлімдеді, деп Turkistan Today жазады inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Жыл басынан бері 1 млн 215 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 3 млн шаршы метрге жеткіуіміз керек. Бұл шамамен 40 мың пәтер, оның ішінде 6 мың пәтер мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі", - деді қала басшысы.

Сонымен қатар, биыл ұзақ уақыт бойы салынып, құрылысы бітпей жатқан нысандар пайдалануға беріледі, деп сендірді әкім. 

"Нұрлы жер" бағдарламасының аясында екінші кезекте тұрған 16 проблемалы нысанды пайдалануға биыл береміз, яғни 4 мың үлескер жарты жыл ішінде пәтерлерінің кілтін алады", - деп түсіндірді Ж.Махмұтұлы.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.