Республика күні қарсаңында елордалық мектептерде ұлттық мерекеге арналған салтанатты іс-шаралар, концерттік бағдарламалар, дөңгелек үстелдер мен ашық сабақтар өтуде, деп хабарлайды Turkistan Today Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл күндері Астананың барлық мектептерінде салтанатты және шығармашылық іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, елордалық оқушылар акцияны әлеуметтік желілерде бастады, онда олар ашық сабақтардың қалай өтіп жатқанын көрсетеді. Бейнероликтерде оқушылар педагогтармен бірге мемлекеттік мерекелердің маңыздылығын талқылайды және мерекелік күнге арналған өлеңдер оқиды.
Жалпы елордада Республика күнін мерекелеуге арналған 200-ге жуық іс-шара өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын жастар арасынан шыққан белсенділер "Мейірімді қала" акциясы аясында челлендж өткізіп, қазақстандық шоколадты құттықтау үшін таратқан болатын. Осындай іс-шаралармен еріктілер тұрғындарды игі істер жасауға шақырғысы келеді.
Сондай-ақ, Республика күні қарсаңында елорда көшелерінде "Астана Жастары" еріктілері ерекше акция ұйымдастырып, Отанға деген сүйіспеншілігін құшақтап білдірді. Еріктілер қала көшелеріне "егер сен қазақстандық екеніңді мақтан тұтсаң, құшақтасамыз!"
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.