Еңбек күніне орай «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Марапат иелерінің арасында бір ғасырдан астам бір салада еңбек еткен, кәсібін атадан балаға мирас еткен еңбек династиялары, өндіріс ошағында, еңбек майданында шыныққандар бар, деп хабарлайды Turkistan Today.
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мерекенің маңызын атап өтті.
Жалпы Еңбек күні қарсаңында осындай кездесу дәстүрлі салтымызға айналып кетті. Біз бұл жерге байқау жеңімпаздарын марапаттау үшін ғана емес, еңбек адамына құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз, - деді ол.
Вице-премьер елімізде үлгі болар еңбек адамдары көп екенін айтты.
Осы ретте еңбек адамының үлгісі ретінде еліміздің мұнай-газ саласына зор үлес қосқан Ұзақбай Қарабаевқа ілтипатымды білдіргім келеді. Қарапайым инженер-технологтан министрге дейін жеткен, - деді ол.
Іс-шарада еңбегімен еленгендерге Құрмет грамоталары мен қомақты ақшалай сыйлық табысталды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.