Ал итальяндар бағаның 18% өскеніне «макарон ереуілімен» қорқытуда, деп хабарлайды Turkistan Today.
2023 жылғы қаңтар–сәуірде макарон, кеспе, кускус және ұқсас ұн өнімдері өндірісі 52,4 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар–сәуірмен салыстырғанда 6,8% аз.
Анықтама үшін: бір жыл бұрын осы кезеңде өндіріс көлемінің өсімі 10,4% құрады.
Биыл сәуірде макарон өнімдерінің бағасы бір жыл ішінде 30,5% өсті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 23,4%, ал 2021 жылдың сәуірінде 12,5% болған.
ҚР өңірлерінің ішінде макарон өнімдерінің айтарлықтай қымбаттауы Батыс Қазақстан облысында байқалды: 61,7%. Одан кейін Павлодар (43,7%), Маңғыстау (43,5%) және Атырау (42,4%) облыстарында да баға айтарлықтай өсті.
Ең аз қымбаттаған өңір Ақмола облысы, соның өзі: 15,7%. Одан кейін Алматы облысы (17,5%), Шымкент (24,3%) және Алматы (24,6%) қалалары.
Дегенмен, қымбатшылық тек Қазақстанда ғана емес. Келеңсіз үрдіс тағы бір макарон әуесқойларының қалтасына ауыр тиіп отыр. Макаронның қымбаттауы бүкіл Италияда жаппай ереуілге әкелуі мүмкін. Айта кетейік, Италияда наурыз айының қорытындысы бойынша, макарон өнімдері бір жылда 17,5% қымбаттаған. Нәтижесінде құзырлы органдарды бағаның мұндай көтерілуінің негізділігін анықтау үшін арнайы комиссия құруға мәжбүр етті.
Италияның тұтынушылар қауымдастығы аудит жүргізуді талап етті және жағдай «макарон ереуілін» тудыруы мүмкін деп мәлімдеді және монополияға қарсы орган елдегі инфляция деңгейін екі есе арттырған макарон бағасын тексеруге шақырылды.
Ал Қазақстанда сәуір айының қорытындысы бойынша, бір жылда рожки 28,4%, кеспе мен вермишель 31%, спагетти бірден 37,3% қымбаттады. Еске салайық: ҚР-да макарон өнімдерін тұтыну дүние жүзінде ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Біз бұл жағынан жоғарыда аталған Италиядан ғана төменміз.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.