Энергетика саласын дамыту мәселелері талқыланды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтар 19 қыркүйек, 2024

Депутаттар кездесу қорытындысы бойынша АЭС салу бастамасына қолдау білдірді

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары атом және энергетика саласын дамыту мәселелері бойынша Энергетика министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді,- деп хабарлайды turkistan.today

 

Жүздесуде отандық энергетика нары­ғының қазіргі жай-күйі мен мәселелері тал­қыланды. Сенаторлар металлургия, көлік, IT, медицина, фармацевтика және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сала­ларында жаңа жобаларды жүзеге асыру барысында туындаған электр энергиясы тап­шылығының өсе түскеніне баса назар аударды. Осыған байланысты энергетика­лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін таза энергия көзі ретінде атом электр стансасын салудың маңызы зор болып отыр.

Іс-шара барысында қатысушылар технология мен құрылыс ауданын таңдау, сондай-ақ қауіпсіздік, экология және әлемдік тәжірибе мәселелерін талқылады. Депутаттар кездесу қорытындысы бойынша АЭС салу бастамасына қолдау білдірді және осы жобаның барлық мән-жайын халыққа кеңінен түсіндіру қажеттігін атап өтті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.