Бүгін Ербол Мырзабосыновтың ҚР Туризм және спорт министрі қызметіне кіріскеніне 100 күн толды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today
Осы уақыт ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес нақты мақсаттар белгіленіп, оларды жүзеге асыру бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Назарларыңызға министрліктің үш айдан аса уақыт ішінде атқарған жұмыстарын және алдағы жоспарларын ұсынамыз.
• Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Спорт туризмі министрлігі жанынан облыстық спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссия құрылды.
• Министрлік спорт федерацияларының президенттерін тағайындау, кандидаттарды ұсыну және олардың негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) анықтау процесін бастады.
• Елордада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп, бұл мәртебелі додада ұлттық құрама 43 алтын, 32 күміс және 37 қола (барлығы 112 медаль) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
• Будапештте IJF штаб-пәтерінде Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесуде Қазақстанда IJF академиясының филиалын ашу және 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
• Қазақстан 2026 жылы дәстүрлі спорт пен киберспортты біріктіретін «Болашақ ойындарын» өткізу құқығын алды.
• Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы француздық INSEP (Ұлттық спорт, сараптама және өнімділік институты) ұйымымен ынтымақтастық орнатты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.