Президент Әкімшілігінің келісімімен, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өкімімен 2025 жылдың 2 сәуірінен бастап Ербол Әбілхайырұлы Садыр облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Аймақ басшысы бүгін облыс активіне таныстырды,- деп хабарлайды turkistan.today
Ербол Әбілхайырұлы Садыр 1973 жылы 23 наурызда Түркістан облысы Созақ ауданы Тасты ауылында дүниеге келген.
1994 жылы Қазақтың Мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.
Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында Экономика бөлімінің бас маманы, Экономика және шағын кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлікті қолдау басқармасы басшысының орынбасары, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болып еңбек етті. Осы тағайындауға дейін бизнес саласында жұмыс істеді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.