Ерболат Досаев Digital Almaty 2025 халықаралық цифрлық форумына қатысты

Жаңалықтар Бүгін, 15:35

Алматы әкімі Ерболат Досаев Digital Almaty 2025 халықаралық цифрлық форумға қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today

Қала басшысы инновациялық әзірлемелер, соның ішінде қазақстандық мамандардың жобалары ұсынылған стартап-аллея мен робо-аймақты аралап көрді.

Мегаполис басшысы цифрлық трансформацияның жаңа жетістіктерімен танысты. «Индустрия X» аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда енгізілген табысты жобаларды көрсетті. «Индустрия X» өндірістің әртүрлі салаларында тиімділікті, сапаны және өнімділікті арттыру үшін жасанды интеллектті қоса алғанда, озық технологияларды пайдалануды қамтиды.

Орталық Азияның цифрлық хабы ретінде іс- қимыл жасайтын Алматы дәстүрлі түрде форум өткізілетін орынға айналды. Биылғы жылы іс-шараға 300-ден астам халықаралық сарапшылар қатысып, 40-тан астам панельдік сессия аясында экономиканың нақты секторында цифрлық технологияларды қолданудың табысты кейстері ұсынылады.
       
Айта кетерлігі, Қазақстанның IT-компанияларының үштен бірі Алматыда шоғырланған. Қала басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылған ақылды қалаларды, жасанды интеллектті, үлкен деректерді және тұрақты дамуды қоса алғанда, негізгі бағыттардағы стартаптарды дамытуға және қолдауға бағытталған Алматының ІТ-экожүйесін дамыту бағдарламасының арқасында тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 19,2 млн АҚШ долларын құрады, ал стартаптардың жиынтық табысы 5,37 млрд теңгеге жетті. 2 049 жұмыс орны құрылды.

Мегаполисте Almaty Cyber Games (ACG) жобасы сәтті дамып келеді, оның мақсаты - Алматыны өңірдегі киберспорт пен ойын индустриясының басты орталығына айналдыру. 2024 жылы ACG International Tencent Games 2024 бірлескен халықаралық турнирі өтті.

Акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар 309 стартапты сәтті аяқтады, оның 16-сы халықаралық нарықтардағы сатылымдарды растады.

 
Сонымен қатар, Алматыда Қазақстанда алғаш рет қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін видеосараптама мен жасанды интеллект пайдаланылды. 2023 жылы әкімдік мемлекеттік білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізді. Алматының табысты тәжірибесін қабылдай отырып, еліміздің басқа өңірлері де осы технологияны енгізе бастады. Бірыңғай видеомониторинг жүйесінің жобасы аясында жыл соңына қарай бірыңғай желіге біріктірілген қалалық камералар саны 70 мыңға дейін ұлғаяды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.