Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде Ладушкин көшесі 65 үйдің тұрғыны тұрғындардың тыныштығын бұзатын автошабандоздарға қатысты шаралар қабылдауды сұрады, деп хабарлайды Turkistan Today.
«Көктемнен бастап, түнгі уақытта Достық көшесінде жастар арасында нағыз жарыс басталады. Көліктердің дыбысы, мотордың гүрілі және қатты музыка ұйықтауға кедергі келтіреді. Тыныштықты бұзушылармен күресуіңізді сұраймыз», - деді тұрғын.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жауабы: «Біз аудан тұрғындарының шағымын ескердік. Түнгі тыныштықты бұзғандарға жауапкершілік бар. Полиция департаменті өкілдерімен бірлесіп, Достық даңғылы, Керей-Жәнібек хандар көшесінде «Сергек» бейнекамераларын орнатуды тапсырдым. Онда жылдамдық шектеулі. Бейнебақылау камералары бұл жағдайға оң әсер ететініне сенімдімін», - деді Ерболат Досаев.
Медеу ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы барлығы 57 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Биыл «Сергек» 30 аппараттық-бағдарламалық кешені мен 750 бейнемониторинг жүйесінің камерасын орнату жоспарланған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.