Бүгін Түркістан қаласында алғаш рет жастарға арналған «Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» атты практикум өтті,- деп хабарлайды turkistan.today
Іс-шараға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, жастардың азаматтық белсенділігін арттырудағы еріктіліктің рөліне тоқталды.
Әкім өз сөзінде қоғамға пайда әкелетін әлеуметтік бастамаларды қолдау қажеттігін айтып, жас кәсіпкерлерге табыс тілеп, мұндай жобалардың Түркістанның дамуына қосар үлесінің зор екенін атап өтті.
Практикумға кімдер қатысты?
• Әлеуметтік кәсіпкерлер;
• Меценаттар;
• Жергілікті билік өкілдері;
• Белсенді жастар;
Айта кетелік, басты спикер – Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті, «Global Kishkentai» инклюзивті шеберханасының негізін қалаушы Гүлмира Пармышева болды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.