Еркебұлан Шыналиев: “Пәтер сыйлағаны өтірік”

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 11 шілде, 2023

Әлем және Азия чемпионы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында қонақта болып, сұзбат берді. Ол Олимпиадада жеңіске жеткен соң, пәтер сыйлағанын, шын мәнінде ол пәтерді бермегенін айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.

“Олимпиададан Шымкентке келгеннен кейін іс-шара болды. 2008 жылы ол кезде Оңтүстік Қазақстан облысы болатын “Жыл спортсмені” деген атақ берді. Телевидение шақырды. Үш-төрт жергілікті телеканалдардан көрсетті. 2 бөлмелі үйдің кілтін берді. Үйді де көрсетті. Алайда сыйға берілген үйді сол күйі бермеді. Бәрі көзбояушылық. Бірақ кейіннен мені шақырып алып, қолыма 1,5 млн теңге берді. Ол ккзде 1 бөлменің өзі қалада 7-8 млн теңге тұратын. Сол күйі отбасыммен қалада барлық мөлтек ауданында пәтер жалдап өмір сүріп келдім. Қазір шаршадым. Ауылдағы қара шаңыраққа жақын жерде тұрамын”,-деді Еркебұлан Шыналиев. 

Бұдан бөлек Еркебұлан Шыналиев еліміздегі спорттағы олқылықтар мен өзінің жеке басына қатысты біраз мәселенің бетін ашты. Ол спорт саласында жұмыс істегісі келетінін, бірақ оған жол бермей отырған ел азаматтарының әрекетін сынады. Осы күнге дейін Шымкент қаласын басқарған үш әкімнің қабылдауына кіре алмағанын айтты. 
“Өмірзақ Шүкеев, одан кейін Ғабидолла Әбдірахымов және бүгінгі таңдағы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың қабылдауына қанша жазылсам да кіре алмадым”,-деді ол. 
Спорт басқармаларының басшылары маңына жолатпайтынына қынжылды.
“Әрине ешкімге ештеңе өткізіп қойғаным жоқ. Алайда Шымкент қаласында 30 спорт мектебі, Түркістанда 30 спорт мектебі бар. Шыны керек, бәрі емес, көбісінде мұрнына спорттың иісі бармайтындар басқарып отыр. Бізде сырттан өсектеп, жамандап тастайды. Сырттан жамандағанды өлтіреді”,-деді боксшы.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.