Блогер Ләззат Ахатова қытайлардың Қазақстанға визасыз кіруіне қарсы шыққандарды қатаң сынға алды деп Turkistan Today хабарлайды 365info.kz ға сілтеме жасап.
“Қымбатшылық қысып тұрғанда Қытаймен сауда еркін болғаны жақсы ғой, қайта. Үйренеріміз көп, ол халықтан да”, – дейді блогер.
Айтуынша, осы жағдайды пайдаланып, сауда-саттығымызды жолға қойып, экономикамызды дамытып алуымыз керек.
“Ондай режим (визасыз кіру) бұның алдында былтыр да болған екен ғой. Содан қытай қаптап, бізде қалып кеткен ештеңесі жоқ. Келгендер қайтты ғой, отандарына.
Есік-тесікті тарс жауып, ешкімді кіргізбей отырғанда, неден ұтамыз? Не өндірісіміз жоқ, не қаптаған завод, фабрикамыз жоқ. Өндіріп жатқан тасымыз да жоқ, көкірек аспанда әйтеуір.
Ана жақта өзіміздің қандастар пәлен уақыт виза алуға кезекте тұр. Оларға да бұл режим өте тиімді”, – дейді ол.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.