Есімі елге белгілі азаматтар жат ағымды насихаттап жүр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 25 мамыр, 2023

Ақпарат және қоғамдық даму министрі «...Сұрауы бар» YouTube арнасына ашық сұхбат берді. Журналист Ербол Сейілхан  елдегі  мешіттерде имамдардың мемлекет саясатын насихаттап  уағыз айтуы қаншалықты орынды деп спикерге сұрақ қойды.  Бұған қатысты министр өз ұстанымын айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.

 «Мемлекет дінді саясатқа айналдырып отырған жоқ. Мешіттер ықылым заманнан бері өз құтпаларында мемлекет ісіне болысу, елдегі елеулі оқиғаларды түсіндіру жұмыстарын атқарып келеді. Мұндай үрдіс сонау бағзы замандардан бері мұсылман мемлекеттерінде тарихында бар. Бірақ қандай уағыз жүргізеді, құтпада не айтады, бұған мемлекет араласып отырған жоқ. Оны Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы жүргізіп отыр. Бұл Мүфтияттың, имамдардың өз қалауы»,-деді Дархан Қыдырәлі. 

Сондай-ақ, сұхбатта министр дінді хайпқа айналдыру өте қауіпті екенін мәлімдеді. Өйткені, дін тақырыбы  өте нәзік мәселе, бұған арнайы білімі бар мамандардың пікір білдіргені дұрыс деп есептейді.

«Бірақ біздің кейбір жұлдыздарымыз, танымал адамдар бұл мәселенің тартымды тақырып екенін біліп хайпқа айналдырғысы келетін шығар. Кейде есімдері елге белгілі филологияны, философияны білетін азаматтар өзге жат ағымдарды насихаттап жүргенін көріп қарның ашады. Бұл өте қауіпті. Себебі олардың сөзін тыңдайтын азаматтар бар, манипуляцияға түсуі ықтимал. Жалған ақпараттың кесірінен басқа діннің жетегінде кетуі мүмкін. Сондықтан бұл арнайы мамандардың сөйлейтін саласы»,-деді Ақпарат министрі.  

Сұхбаттың толық нұсқасын «...Сұрауы бар» YouTube арнасынан көріңіздер.

www.youtube.com/watch?v=cjuN0qBr1Gc

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.