Қазақстандық лоукостер өз әуепаркін толықтыруды жалғастыруда. Бұл жолы әуетасымалдаушы 180 орынды AIRBUS A320 СEO үлгісіндегі 16-шы ұшағын алды, деп хабарлайды Turkistan Today. |
Флотқа келген ұшақтарды шоқжұлдыздардың атымен атау дәстүріне сүйене отырып, FlyArystan ұшақтың атын ASARUME қоғамдық ұйымының «КЕҢ ЖҮРЕК МЫҢ БАЛА» жобасындағы балаларға таңдау мүмкіндігін берді. Айта кетерлік, осыған дейін FlyArystan бұл жоба аясындағы балаларға лагерьге ұшуды ұйымдастырған. Бұл қалай болғанын және балалар қандай есімді таңдағанын тасымалдаушы Instagram желісіндегі өз парақшасында бейнематериалда айтып береді. Қазақстандық лоукостер әуепаркін кеңейтуді жалғастыруда және 2023 жылдың соңына дейін тағы бірнеше ұшақ алуды жоспарлап отыр. Әуепаркті толықтыру әуекомпанияға өзінің маршруттық желісін кеңейтуге және көбірек тиімді бағадағы әуебилеттерді ұсынуға мүмкіндік береді. Біз туралы: FlyArystan – 15 Airbus A320 ұшағынан тұратын әуепаркі бар алғашқы қазақстандық лоукост әуекомпаниясы. 2022 жылы әуе тасымалдаушысы Airbus зауытынан жаңа ұшақтар алды. 2023 жылдың соңына дейін жаңа ұшақтарды қоса есептегенде, әуефлотын 19 ұшаққа дейін үлкейту жоспарлануда. Айта кетейік, 2022 жылы FlyArystan алғаш рет Skytrax аудитінен өтіп, 2023 жылы Орталық Азия мен ТМД елдерінің үздік лоукостері атағын алды. FlyArystan – 4 жұлдызды рейтингісі бар әлемдегі 12 лоукостердің бірі. Бағыттар желісі Қазақстан ішіндегі ішкі рейстерді де, Грузия, Түркия, Үндістан, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан және Өзбекстанға халықаралық бағыттарды да қамтиды. |
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.