FlyArystan Қытайға алғашқы рейсін атап өтті

FlyArystan Қытайға алғашқы рейсін атап өтті

2023 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстандық лоукостер FlyArystan алғаш рет Қазақстан мен Қытайдың әуе кеңістігін біріктіретін алғашқы рейсін орындады. Сонымен қатар, алдағы уақытта FlyArystan Қытайдың басқа қалаларына да ұшуды жоспарлауда. Астанадан Үрімшіге қатынайтын рейс аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Оған қоса, Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасына сұраныстың жоғары болуына байланысты FlyArystan тұрақты рейстер санын арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Turkistan Today.

«FlyArystan Орталық Азиядағы бюджеттік әуе тасымалының көшбасшысы ретінде аймақты төмен тарифтегі билеттермен қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған орай, Қытайдан Қазақстанға ұшатын жаңа бағытымыз әуекомпанияның жылдам кеңеюінің және қолжетімді саяхатқа сұраныстың тағы бір мысалы болып табылады. FlyArystan қолданып жатқан классикалық лоукостердің үлгісі арқасында біздің жолаушыларымыз өз саяхаттарын бюджет пен қажеттіліктеріне сәйкес реттей алатынына және Орталық Азиядағы үздік әуекомпанияның қызметінен көңілдері шығатындарына сенімдіміз», – деді Эдриан Хамильтон-Маннс, FlyArystan басқарушы директоры.

Әуетасымалдаушы өзінің бағдарлар желісін кеңейткен және де қолжетімді бағадағы ұшу мүмкіндігін ұсынған елдер ішінде Қытай оныншы ел атанып отыр. Жақында әуекомпания Үндістанның ең ірі қалалары Дели мен Мумбайға рейстерді жариялап, сондай-ақ Қытайдың басқа қалаларына рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Айта кетерлік, рейстері қараша айында басталатын Қытайға тағы бір жаңа бағытын FlyArystan алдыңғы уақытта жариялайды.


Біз туралы:

FlyArystan – 15 Airbus A320 ұшағынан тұратын әуепаркі бар алғашқы қазақстандық лоукост әуекомпаниясы. 2022 жылы әуе тасымалдаушысы Airbus зауытынан жаңа ұшақтар алды. 2023 жылдың соңына дейін жаңа ұшақтарды қоса есептегенде, әуефлотын 19 ұшаққа дейін үлкейту жоспарлануда. Айта кетейік, 2022 жылы FlyArystan алғаш рет Skytrax аудитінен өтіп, 2023 жылы Орталық Азия мен ТМД елдерінің үздік лоукостері атағын алды. FlyArystan – 4 жұлдызды рейтингісі бар әлемдегі 12 лоукостердің бірі. Бағыттар желісі Қазақстан ішіндегі ішкі рейстерді де, Қытай, Грузия, Түркия, Үндістан, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері және Өзбекстан халықаралық бағыттарды да қамтиды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0