Ұйқы қануы үшін ерте ұйықтау ғана аздық етеді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мake My Blinds сарапшыларының мәліметінше, оятқышты дұрыс уақытқа қою да маңызды рөл атқарады.
Ұйықтау уақыты негізі адамның жасына байланысты өзгеріп отырады. Сарапшылар күнделікті 7-9 сағат ұйықтауға кеңес береді. Сонымен, бір жасқа дейінгі балалар – 12-ден 16 сағатқа дейін, қарттар (65 жастан асқан) күніне 7-ден 8 сағатқа дейін ұйықтайды.
Сарапшылардың пікірінше, ұйқы денсаулыққа пайдалы болуы әрі өзіңізді сергек сезіну үшін сіз күн сайын бір уақытта оянуыңыз керек. Егер сізге таңғы 4-те ояну керек болса, онда 18:45-те ұйықтау керек. Таңғы 5-те ояну үшін төсекке 19:45-те, таңғы 6-да – 20:45-те, 7-де – 21:45-те және тағысын тағы жату керек. Бұл ұйқының алты циклін қамтитын тоғыз сағатты құрайды.
Ұйқының қанбауы денсаулыққа әсер етуі мүмкін. Ғалымдар тіпті психикалық жағдайға, мидың жұмысына, иммундық жүйеге де кері әсерін тигізеді дегенді алға тартады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.