Гимнастшы Әлия Юсупованың бұрынғы күйеуі пара алғаны үшін ұсталды

Гимнастшы Әлия Юсупованың бұрынғы күйеуі пара алғаны үшін ұсталды

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев ұсталды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Антикор мәліметінше, ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.
Нұржан Әлтаев Оңтүстік Қазаұстанның тумасы. Мәжілістің алтыншы айналымында депутат болып сайланған. “Нұр Отан” партиясының мүшесі болып, партияның беделін түсіретін және оның мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасағаны үшін қызметінен босатылған. 

Одан кейін Нұржан Әлтаев «Ел тірегі» тіркелмеген партия құрды. Нұр-Сұлтанда үкіметті отставкаға жіберуді, ковидке қарсы вакцинацияны тоқтатуды және атом электр станцияларына тыйым салуды талап етіп митинг өткізгенімен есте қалды. 


Естеріңізге сала кетсек, Нұржан Әлтаев белгілі гимнастшы Әлия Юсуповаға үйленіп, екі баланың ата-анасы атанған. Алайда екеуі бірнеше жылдан кейін ажырасуға бел буған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0