26 тамызда Татарстан Республикасының Мұса Жәлил атындағы академиялық мемлекеттік опера және балет театрында қазақстандық композитор Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының ауқымды премьерасы өтті,- деп хабарлайды turkistan.today
Қазанда осы күндері бірқатар ірі мәдени іс-шаралар, соның ішінде «Жаңа толқын» байқауы өткеніне қарамастан, «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасына арналған 990 билет бір апта ішінде түгелдей сатылып кетті.
Бұл ерекше кеште «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсы Қазақстан мен Татарстан халықтарын рухани тұрғыдан тоғыстырған асыл қазынаға айналды. Қойылымды Италияның ең беделді сахналарында жұмыс істеген белгілі режиссер Давиде Ливерморе сахналады. Операға 200-ден астам әртіс қатысты.
Премьераның ашылуында Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Лейла Ренатовна Фазлеева көрермендерді құттықтап, театр ұжымына алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасының Конституция күні мен Татарстан Республикасының күні мерекелерімен құттықтады:
«Біздің ортақ тарихымызға, дәстүріміз бен құндылықтарымызға жақындастырғандары үшін әріптестерімізге шын жүректен алғыс айтамын. Бүгін біз тек өнер туындысын емес, ғылым мен мәдениетті тоғыстырған ерекше еңбекті көргелі отырмыз. Өйткені бұл спектакльдің жасалуына Қазақстан мен Татарстан ғалымдары, сондай-ақ біздің Академиямыз белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Осы қойылымнан біз тарихымыздың терең мәнін көреміз. Дұрысы – бір тарихты, ол біздің халықтарды біріктіретін ортақ тағдыр. Сондай-ақ алдағы мерекелердің алдында бізді осылай бірге табыстырған Қазақстанның Қазандағы Бас консулына ерекше алғыс айтамын», – деді Лейла Ренатқызы.
Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының сахналануы Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына арналатынын атап өтті.
«Біз үшін Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын Қазақстанның жетекші театрларының бірінің орындауында Татарстан жұртшылығына ұсыну – үлкен мәртебе. Бұл мүмкіндікті жасағаны үшін Рустам Миннихановқа алғыс айтамын. Қойылымға түркітілдес елдердің алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу орталықтары мен тарихшылары үлес қосты. Олардың еңбегі дәуірдің шынайы бейнесін қайта жаңғыртуға мүмкіндік берді. Барлық көрерменге тамаша әсер тілеймін. Сенемін, бұл премьера сіздер үшін шабыт пен ортақ ұлы тарихымызға деген мақтаныштың қайнар көзі болады, өнермен қауышудан қуаныш сыйлайды.
Сіздердің ой-пікірлеріңіз бен әсерлеріңізді асыға күтеміз. Біз бірлесіп әлі де ынтымақтастығымызды нығайтып, дами түсетініне сенемін. Татарстан халқына шын жүректен бейбіт өмір, тұрақтылық пен өсіп-өркендеу тілеймін!» – деп атап өтті Аида Балаева.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.