Иманды болсын! Болат Назарбаев қайтыс болды

Иманды болсын! Болат Назарбаев қайтыс болды

Ол ауруханада көз жұмды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев қайтыс болды, деп Turkistan Today хабарлайды Ratel.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 13 қарашада сағат 9:51-де 70 жасында көз жұмды.

Сағат 9:28-де (Болат Назарбаевтың) жүрегі тоқтады. 23 минутта реанимация жүргізілді. Алайда ол тиімсіз болып шықты, - деп жазылған хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы бұл ақпаратты растады.

Ұзаққа созылған аурудан кейін Қазақстаның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Әбішұлы Назарбаев 70 жасында қайтыс болды, – деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасына. 

Айта кетейік, Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда туған.

1973-1988 жылдары «Шамалған» кеңшарында механик, аға механик, бригадир, директордың орынбасары болған.

1988-1989 жылдары – Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары.

1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлік қызмет атқарған.

1992-1997 жылдары «Инкар Агро» ЖШС-ның вице-президенті болды. Ол – BN Invest холдингінің директоры.

Бұған дейін Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылды. Алматы облысы сот ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу кезінде облыстық органның және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органдардың келісімі болмағанын анықтады.

Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін оның заңдылығы мен негізділігіне байланысты өзгертусіз қалдырды, - деп жазылған облыстық соттың хабарламасында.

Қарасай ауданының прокуратурасы бірінші сатыдағы сотқа Болат Назарбаевтың жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы және жер учаскелеріне меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді жою туралы талап арызбен жүгінген. Аудандық сот прокуратураның талабын қанағаттандырған. Бірақ Болат Назарбаев сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым жазған.

Еске сала кетсек, Қарасай ауданындағы 37 гектар жер теліміне Болат Назарбаев иелік еткен. Онда «Барыс» көлік базары орналасқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0