IX «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны қонақтарды қарсы алуда

IX «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны қонақтарды қарсы алуда

Қарағанды облысына «Айбын» жастар жиынына қатысу үшін әскери-патриоттық клубтар келіп жатыр, деп хабарлайды Turkistan Today.

            «Шахтерлер астанасының» теміржол вокзалына алғашқы боп, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы әскери-патриоттық клубтарының өкілдері, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларының «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері келіп жетті. Ұйымдастырушылар жиынға қатысушыларды әскери оркестр үнімен қарсы алды.

            – Мен өз облысымның атынан халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысып отырғанымды мақтаныш етемін. Бізге үлкен жауапкершілік жүктелді және осы сайыста жеңіске жету үшін бар күшімізді салуға дайынбыз, –деп ағынан жарылды Жамбыл облысы «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубының мүшесі Әсел Айтбай.

            IX «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны 17-23 маусым аралығында Қарағанды маңындағы «Спасск» оқу орталығында өтеді. Патриоттар форумына Қазақстанның барлық өңірінен барлығы 43 команда қатысады. Әзербайжан мен Өзбекстан әскери-патриоттық клубтарының командалары алғаш рет қатысқалы отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0