Биылғы жыл отандық шоу-бизнес өкілдеріне той жылы болмақ. Танымал әнші Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші әнші Райымға тұрмысқа шығып, елді бір шулатып еді. Күні кеше әлеуметтік желілерде отандық әнші, актриса Камшат Жолдыбаеваның сырға салу рәсімінің видеосы тарады, деп хабарлайды Turkistan Today.
35 жастағы әншінің таңдауы өзінен бес жас кіші Ғазрет Қажымханұлы есімді актерге түсіпті. Актер екеуі бұрынғы продюссері Баян Есентаеваның "Рауза.Сакураның гүлдеуі" атты сериалына түскен еді. Онда актриса кинодағы әріптесімен ашық сахнаға түсіп, сынға қалған. Кейіннен көрермендер әлеуметтік желілерде
Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлының қарым-қатынасы жайлы жаңа жұлдызды жұп пайда болды деп болжаған. Актриса өз парақшасына актермен түскен суреттерін жариялады.
Естеріңізге сала кетсек, соңғы кездері Камшат жабық киініп, орамалмен суретке түскен суреттерін желіге жүктей бастаған болатын. Бұған дейін әнші сахнадағы ашық образдарымен жиі сынға қалатын.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.