Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 1 млн 113 мың қандас көшіп келді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ілияс Испанов айтты, деп Turkistan Today хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізге 1 млн 113 мың қандас келді. Олардың жартысынан астамы, 559 мыңы Өзбекстаннан келсе, Қытайдан – 358 мың, Түрікменстаннан – 76 мың, Моңғолиядан – 57 мың, Ауғанстаннан – 13 мың, Ресейден – 17 мың қандас келген», - деді комитет басшысы «Отандастар қорының» қоғамдық комиссиясының отырысында.
Қандастардың басым бөлігі Алматы облысына қоныстанған – 311 мың, Түркістан облысы мен Шымкент қаласына – 218 мың, Маңғыстау облысына – 164 мың, Жамбыл облысына – 93 мың, ШҚО – 54 мың, Ақмола облысына – 48 мың қандас көшкен. Астана мен Алматы қалаларына соңғы екі жылда Ресей Федерациясынан қандастар көптеп келген.
Спикердің айтуынша, қандастар қай мемлекеттен көшіп келсе, сол елге жақындау өңірлерге орналасады.
«Қазақстанға келіп-кету статистикасына келсек, елімізге жылына 7 млн шетелдік келеді және 7 млн шетелдік қайта кетеді. Шетелге шығатын қазақстандықтардың саны шамалас – 6,9 млн адам шетелге шығады және қайтып келеді. Бұл біздің айналым», - деді Ілияс Испанов.
Әлеуметтік кодекстегі «Ата жолы» картасы енгізілгенін атап өтті. Онда қандастарға 10 жылдық жеңілдетілген виза рәсімдеп, Қазақстанда өз кәсібін жүргізуге мүмкіндік беріледі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.