Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 тамызда кешкі сағат 18:30 шамасында Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тасжолында, Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, 45 жастағы азамат тізгіндеген Toyota Land Cruiser 100 автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды. Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.