Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында ұлының өзге ұлт өкіліне үйленуіне қарсы болғанын, ал қазір төрт жасар немересі барын айтты, деп Turkistan Today хабарлайды, inbusiness.kz дереккөзіне сүйене отырып.
Ол шетелдік келіннің көңілінен шыққанын жеткізді.
"Мың келінге татитын бір келін" деп айтуға болады. Ақылы көркіне сай. Ең бастысы ойының тереңдігі, оқығаны. Ол - консерваторияның пианино сыныбын қызыл дипломмен бітірген музыкант. Музыканттың соншалықты саяз болуы мүмкін емес. Ұлым - гитарист. Гитарист пен пианисттен туған үйде кішкентай немерем бар. Ол - менің қуанышым", - деді Жұбаныш Жексенұлы.
Cұхбат барысында өнер иесі бірнеше жыл ұлының өзге ұлттың қызына үйленуіне қарсы болғанын да жасырмады.
"Мен нағыз қазақы ортада, отбасыда өскенмін. Басында әрине, қаншама жыл біз де қарсы болдық. Кейін жастар дегеніне жетеді ғой. Бізге дәлелдеумен болды. Бір-бірін сүйіп, өз дегенінен қайтпай тұрғаннан кейін мақсатына жетті. Ол түсінбегендіктен емес, қазақи болмысымыздан. Оның махаббат екенін анасы да, мен де түсініп жүрдік. Бірақ біз тәрбиесі басқа адамдармыз. Менің әкем "Келініміз басқа ұлттан" дегенде, бәрін тоқтатып, "Ұлттың жаманы болмайды, адамы дұрыс болсын" деді. Осы бір ауыз сөзбен бәрі шешілді", - деді әнші.
Сонымен қатар әнші көпшілікке өзінің отбасы жайлы жаңалықтарды айтқысы келмейтінін мәлім етті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.