"Қашып кетуді ойладым": қайыр сұрауға мәжбүр болған мүгедек адам басынан өткенін айтып берді

"Қашып кетуді ойладым": қайыр сұрауға мәжбүр болған мүгедек адам басынан өткенін айтып берді

Тағдыр тәлкегіне ұшыраған ер адам әрі қарай тұрмысын түзеп, ел қатарлы өмір сүргісі келеді.

Ақтөбелік полицейлер ерлі-зайыптыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікке ілінгендер- Шымкенттің тұрғындары. Олар 46 жастағы ер адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Ал түскен табысты өздері иемденіп отырыпты, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мен өзім Түркістанда туғанмын. Кейін отбасымызбен Шымкентке қоныс аудардық. Түрлі жағдайдарға байланысты олар  менен сырт айналды. Баспанамнан айрылдым. Әр жерде бір түнеп жүрдім. Ашыққан кезде кейде қайыр сұрап күнелттім. Түскен ақшаға  нан пен су сатып алуға шамам келді. Бейімдеу орталығында да тұрып көрдім, ол жақтан да кеттім. Ақтөбеге ақша табуға алып келді. Олар менің жүріп-тұрысымның бәрін бюақылайтын. Қайыр сұрайтын орынға таксимен өздері адлып келеді, сосын мен арбаға отырамын. Әйелі көзінен таса қылмайтын. Кейде біреулер тамақ беріп, әңгімелесіп тұрып қалса, дереу телефоныма хабарласып, кім ол, не деп сұрады, не әңгіме айтқанымды тергеп, бәрін сұрайтын. Бөгде адамдармен тілдестірмейтін. Күніне бір мәрте тамақ беріп отырды. Жұма күндері мешіттің алдында қайыр сұрадым. Табыс әркүні әртүрлі. Кейде 10 мың, кейде 15 мың табатын кездер болады. Ойымда қашып кету, жаңа өмір бастау тұратын. Бір күні еріктілер келген сәтте  тілдесіп үлгердім",- дейді жәбірленуші.

"Дәріс" ақпарттық-кеңес беру орталығындағылар жәбірленушіге құқықтық кеңес беруді қолға алған. Олар қазір полицейлермен бірлесіп барлық қолдауды көрсетіп отыр. Ер адамды қауіпсіз жерге орналастырыпты. 

"Еріктілер дағдарыс орталығына хабарласып, көмек көрсетуді сұрады.  Бірінші  барған кезде қорқып, ашылып айта алмаған. Еріктілер екінші рет барған сәтте " мен құлдықтамын, маған көмек  керек" деп сыбырлап айтқан. Бірақ менің артымда адамдар тұр деп айтқан. Бұл іс енді    сотқа дейін жетеді деп сенеміз. Себебі, бұл жерде адамды ұрып-соғу, адам  саудасының барлық элементтері бар,- деді "Дәріс" ақпарттық-кеңес беру орталығының атқарушы директоры Гүлнұр Едігеева.

Бұл іс қазір Ақтөбе облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бақылауында. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

"Ақтөбе-Шымкент қалалары аумақтарында  жәбірленушіні қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеген. Келіп түскен  пайда немесе материалдық құндылықтардың барлығын  еңбек күшін пайдаланушы адам өзіне алып  отырған. Аталған дерек дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Адам саудасы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,- деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Балаби Әлиасқарұлы. 

Тағдыр тәлкегіне ұшыраған ер адам әрі қарай тұрмысын түзеп, ел қатарлы өмір сүргісі келеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0