Қасиетті Құран түскен түн. Қадір түнінде орындау қажет 10 амал

Қасиетті Құран түскен түн. Қадір түнінде орындау қажет 10 амал

Сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түні – Қадір түні.

Рамазан айы қасиетті ай болса, Қадір түні қасиетті түн саналады. Өйткені бұл түні жер бетіне қасиетті Құран Кәрім түскен. Бұл түні жасалған ғибадат мың айға, яғни сексен үш жылға тең. Сол себепті мұсылмандар Қадір түнін күзетіп, ұйықтамай құлшылық жасайды. Осы орайда Информбюро порталы Қадір түнінің мағыналары ерекшеліктері, қасиетті түннің сауабынан құр қалмау үшін не істеу қажет деген сұраққа жауап береді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Қадір түнінің белгілері

Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде жасырылған. Ғалымдар жұп күннен тақ күнге өткен түн Қадір түні болуы мүмкін дейді. Сондықтан оразаның соңғы он күндігіндегі тақ бес күнді назарда ұстаған жөн. Ал Рамазан айының 27-түні – Қадір түні болуы ең ықтимал түн. Бұл түнде қасиетті Құран Кәрім түскен. Осы түні жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болуына байланысты мұсылмандар Рамазан айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізуге тырысады.

Қадір түні нақты қай күн екені еш жерде жазылмаған. Бұл түн жасырылғандықтан өзіндік белгілері бар:

  • Ауа райы бірқалыпты болады. Жел баяу соғады. Ол түні ай жарық болады. Мұхаммед пайғамбар: "Қадір түнінде аспан ашық болады. Ыстық та, суық та болмайды. Күн қызыл болып шығады" деген.
  • Сол түнді құлшылықпен өткізген адамның жүрегінде тыныштық орнайды. Жаны рахат бір сезімді бастан кешеді. Себебі, періштелер жерге түсу арқылы пенделерге мейірбандықты әкелген еді. Таң өткір сәулесіз атады.
  • Иттер шуылдамайды, есектер ақырмайды;
  • Нұр байқалады;
  • Кей адамдардың сол түні дұғалары жылдам қабыл болады.

"Қадір түнінің белгісі, оның – тұнық әрі жарық, ал айдың ол түнде бейне бір жарқырап тұрғандай болатыны. Ол түн тыныш және жайлы, суық та емес, ыстық та емес. Бұл түні таң атпайынша, жұлдыздардың лақтырылуына рұқсат берілмейді. Және бір белгісі – таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді", – деп Убада ибн Самит Мұхаммед пайғамбардың Қадір түнінің белгілерін сипаттағанын айтқан екен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0