Қасым Аманжол Заманбек Нұрқаділов туралы не айтты?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 31 қаңтар, 2024

Белгілі журналист Қасым Аманжол "Уақыт көрсетеді" арнасына берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділов туралы да журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға жауап берді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Қасым Аманжол "Заманбек Нұрқаділовті Қазақстандағы демократия үшін, сөз бостандығы үшін немесе үлкен мұраттар үшін қаза болды деп айту кішкене артықтау. Мен ол туралы постта жаздым. Өте қайшылықты тұлға болатын. Қарапайым ғана мысал, қаза болар алдында үйіндегі жертөледен 1 миллион доллар ақша табылды. Біреулер ұрлап кетті. Іс қозғалды. Енді мынадай сұрақ туындайды, бюджет қызметкері болып, бизнеспен айналыспаған адамның жертөлесінде қалай 1 миллион доллар сейфінде жатады? Сол кезде сол сұраққа "бұл Мақпалдың гонорары" деп жауап берді. Мен Қазақстанда концерт беріп, тойларда өлең шырқап жүріп ондай ақша табады деп ойламаймын. Егер шын адал күрескер, шындық үшін шырылдап, кейбір адамдар елестетіп жүрген, "Әділеттің символы" болса, оның үйінде миллион доллар шашылып жатпас еді. Кейде кейбір адамдарды әсіре бағалап жатқан кезде қоғамда осындай сұрақтар қоя білуіміз керек. Мен енді өлген адамның артынан сөз бықсытқандай болмайын, бұл бүкіл елге белгілі ақпараттар, соны жәй қайталап айтып жатырмын” - деді.

Танымал журналист сондықтан, әрбір адамға баға берген кезде, нақты әділетті бағасын беруге тырысуымыз керек - деген де ойын айтты.

Әлеуметтік желі қолданушылары Қасым Аманжолдың бұл сұхбатын қызу талқылап жатқанын айта кету қажет.

526

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.