"Сағындырған әндер-ай" ән кешінің ұйымдастырушысы болған Әсия Сағындықова әртістердің шын бейнесі қандай екенін жазды. Оның TikTok-парақшасында жариялаған жазбасы елдің талқысына түсті, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Майра Ілиясованың жыл сайын өтетін дәстүрлі «Сағындырған әндер-ай» ретро ән кешін ұйымдастырған қыз эстрада жұлдыздары туралы ойын бөлісті.
"Бір көрген адамдарға баға беру қиын болмады ма?", "Кейде күніне 2-3 концертке барады. Кешке қоймай тойына алдыртады… Екінің бірі шыдай бермейді. Қайраттың жүрген жолымен жүріп көру керек!!!", "Джентльмен кісіні әйелі сабап жатқан шығар байқұсты", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Нұрболат мырза өте көңілді әрі харизмасы бар адам екен. Өмірде өзін салмақты ұстайды, - дейді ол.
Фото: tiktok.com/@asiyokaa
Қайрат Нұртасты көргенде қатты таңғалғанын жасырмады. Әншіні көкіректеу деп сипаттағанына оқырмандар келіспей, оның шын мәнінде өте қарапайым екенін жазып жатыр.
Қайрат мырзаға мейк әсер етпейтін болыпты. Өмірде көріп таңғалдық, көкіректеу екен, - дейді видео авторы.
Фото: tiktok.com/@asiyokaa
Ал Төреғали Төреәлі туралы өте жақсы пікірін жазған. Оның адамдармен жақсы қарым-қатынас жасайтынын атап өткен.
Төреғали мырза өте қарапайым, келбетті екен. "Қарындасым" деп сыйлап, жақсы қарым-қатынаста болды, - деп жазды.
Сәкен Майғазиевтің мінезі туралы да ой бөліскен.
Сәкен мырза өте алтын кісі, өмірі жайдары жүреді. Біздің қызметке риза болып, мақтап жүреді, - деп жазды.
Ұйымдастырушы қыз Мейрамбек Бесбаевтың дауысына есі кеткенін де жасырмаған.
Фото: tiktok.com/@asiyokaa
Ал Жігер Аупбаевтың бойы ұзын болғаны сонша өзін ергежейлі сезінгенін атап өтті.
Жігер мырза жылтың-жылтың етіп. Не болса да бойды берген екен. Өзімді ергежейлі сезініп қалдым, - дейді видео авторы.
Кеш ұйымдастырған Әсия жүргізуші Ғалымжан Кеңшілікті "нағыз джентльмен" деп атады. Оның өзіне көрсеткен қамқорлығы қызды тәнті еткен.
Осы кісі таза джентльмен екен. Мен дүкенге сырт киімсіз шығым кеткенімде асығып, мен жаурап қалмасын деп киімін беріп, дүкенге бірге барып келді. Бірақ, өкінішке қарай, әйелі бар екен, - деп жазды Әсия Сағындықова.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.