Қазақ ауылында бір еркек жүз әйелдің табиғи қажеттілігін өтеген – Омар Жәлелұлы 

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әртүрлі 1 шілде, 2023

Мұндай ойды белгілі абайтанушы Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Turkistan Today.

«Соғыс болды, 1945 жылы. Бүкіл еркек қырылып қалды, бір ауылда бір-ақ еркек қалды. Ауылда 99 жап-жас қыз-келіншектер бар делік.  Мораль бойынша ауылдағы жалғыз еркек өзінің әйелімен ғана болуы керек, ана әйелдерге бармауы керек. Ал ана әйелдер не істейді? Сол кезде мораль өмір үшін кейін шегінеді. Сол себепті Оралхан Бөкей «1943-1944 жылы туған балалардың әкесі жоқ, олардың әкесі соғыс» деп айтады. Моральға сүйенсек, ауылда қалған еркек 99 әйелдің тағдырына немқұрайлы қарау керек. Олар жап-жас, не тұрмысқа шыға алмайды, бірақ табиғи қажеттіліктері бар. Бірақ кім қанағаттандырады? Оны басқа түспей білмейсіз, түсінбейсіз. Ал сол кезде қазақ қоғамы бұған түсіністікпен қарады. Өйткені экстремалды жағдай, еркектердің бәрі қырылып қалды. Аман қалған еркек басқа әйелдерді де қанағаттандырып, дүниеге қаншама ұрпақ келді»,  - деп түсіндірді ол. 

Сұхбаттың толық нұсқасын
 https://www.youtube.com/watch?v=LQnZrfSsN1c&t=1160s сілтемесі арқылы көруге болады.

3.8k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.