Қазақстанда индустриялық аймақтарды дамыту мен инвесторлардың ұзақ мерзімді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында «Қолжетімділік үшін төлем» атты жаңа инвестициялық механизм іске қосылды. Пилоттық жоба Батыс Қазақстан облысындағы «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы индустриялық аймағында жүзеге асырылуда.
Жаңа тетік шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Алынған шығындар жобалар пайдалануға берілгеннен кейін кезең-кезеңімен өтелетін болады. Бұл тәсіл өндірістерді тез іске қосуға, бюджетке түсетін ауыртпалықты азайтуға және инфрақұрылымды халықаралық стандарттарға сәйкес дамытуға ықпал етеді.
«Қолжетімділік үшін төлем» механизмі инвесторлар үшін түсінікті әрі болжамды жағдай жасай отырып, жобаларды нақты нәтиже мен ауқымға бағыттауға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба шеңберінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ арасында инвесторларды тарту және жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық меморандумы қол қойылды.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ индустриялық аймақ операторы ретінде инвесторларды сүйемелдеп, жобаларды үйлестіруде халықаралық үздік тәжірибелерді қолданады. Алғашқы нәтижелер бойынша 17 инвестициялық жоба іске асырылуға дайындалуда: жалпы құны шамамен 370 млн АҚШ долларын құрайтын жобалар 1 500-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға бағытталған. Жобалар құрылыс материалдары, металл конструкциялары, химия, жеңіл өнеркәсіп, өнеркәсіптік инфрақұрылым, энергетика және логистика салаларын қамтиды.
Батыс Қазақстан облысы газ және көлік инфрақұрылымының дамуы, тиімді географиялық орналасуы және жоғары транзиттік әлеуеті арқасында пилоттық жоба үшін таңдалды. Жобаны іске асыру нәтижесінде өңірге инвестициялар ағыны артатын болады, жаңа жұмыс орындары пайда болып, салық базасы ұлғаяды, заманауи өнеркәсіптік инфрақұрылым дамиды.
«Бұл механизм жылдам, ашық және нәтижеге бағытталған жаңа инвестициялық модельді қалыптастырады. Инвесторлар дайындалған өнеркәсіптік алаңға келіп, жобаларын іске қоса алады», — деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.