Қазақстан экономикасы қалай өзгереді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 27 қыркүйек, 2023

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысы Президент Әкімшілігінің бақылауында

Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысына арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Басқосуға Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, Үкімет басшылығы қатысты.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларын орындау үшін Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндама жасады.

Президент Әкімшілігі Басшысының айтуынша, Жолдау ел экономикасын қайта құруға және экономикалық серпіліс жасауға бағытталған жүзден астам нақты тапсырманы қамтиды. 

"Орталық және жергілікті атқарушы органдар Президент тапсырмаларын орындау үшін барынша жедел әрі толыққанды шаралар қабылдауы қажет. Еліміздің азаматтары мен бизнес өкілдері жуық арада Жолдаудың нақты нәтижесін сезінуі керек"Олжас Бектенов

934

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.