Биыл қаңтар–тамызда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі салымдар 164,4 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғыдан 3,9 есе көп.
Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 60,8% азайып, 42,2 млрд теңге болған.
Өңірлер бойынша инвестицияның ең көп көлемі Ақмола облысына түсті: 2022 жылғы қаңтар–тамызда 2,4 млрд теңге болса, қазір 112,7 млрд теңге. Құны бойынша жылдық өсім 47,2 есе.
Екінші және үшінші орында Атырау (25,8 млрд теңге, бір жыл бұрын 1,4 млрд теңге) және Түркістан (9,9 млрд теңге, бір жыл бұрын 3,2 млрд теңге) облыстары. Ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркелді: 443,8 млн теңге — бір жыл бұрынғыдан 2,8% аз.
Салаға күрделі салымдар ҚР 20 өңірінің 8-де ғана байқалды. Салыстыру үшін: өткен жылдың осы кезеңінде 17 өңірде болған.
Барлық күрделі салымдардың 75,1%-ы кәсіпорындардың жеке қаражаты болды: бір жыл бұрын 20,5 млрд теңге болса, қазір 123,4 млрд теңге. Жылдық өсім — 6 есе.
Банктік емес қарыздар 35,6 млрд теңгені (бір жыл бұрынғыдан екі есеге артық), банк несиелері — 5,1 млрд теңге (бір жыл бұрынғыдан 7,4 есе көп), жергілікті бюджет қаражаты — 195,2 млн теңге (бір жыл бұрын 2,8 млрд теңге болған).
Ал, айталық, 2023 жылдың 5 қазанында Қазгидромет ҚР алты қаласында, ал келесі күні еліміздің он қаласында зиянды заттардың жоғары деңгейін болжады. Осы материал жазылып жатқанда, яғни 11 қазанда Алматы мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған.
Ең лас елдер рейтингінде Қазақстан 111 елдің ішінде 30-орында. Елдің ластану индексі 73. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, ел соғұрлым ластанған болып саналады. Әлемнің ірі қалаларының ішінде Алматы 251 қаланың ішінде 48-орында. Қала индексі — 78,5.
Индекс дүние жүзіндегі қалалардағы ластанудың жалпы деңгейін бағалайды. Ол ауа мен судың ластануы, қалдықтарды кәдеге жарату, тазалық, шу мен жарықтың ластануы, жасыл кеңістіктер және ластануға байланысты өмір сүру жайлылығы сияқты факторларды ескереді.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ластану деңгейі бойынша Әзірбайжаннан кейін екінші орында тұр. ТМД-дағы ең таза ел — Беларусь. Ресейде, Арменияда, Украинада* және Молдовада да жағдай ҚР-ға қарағанда жақсырақ болып шықты.
Рейтингте Моңғолия, Мьянма және Ливан сияқты елдер ең лас болса, Финляндия, Исландия және Эстонияны ең таза деп санауға болады.
* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.